Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жағдайы кенеттен нашарлаған”. Қайғылы жағдай: Қарағандыда хоккейші матч кезінде қайтыс болды

23:00, 02 ақпан 2026

Қарағанды қаласында әуесқой хоккей лигасы аясында өткен матч барысында «СКА-Приозерск» командасының 46 жастағы ойыншысы көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы “Патриот” Telegram-арнасы хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, ойын кезінде спортшының жағдайы кенеттен нашарлаған.

Куәгерлердің айтуынша, ол алдымен тізерлей отырып тоқтап, кейін есінен танып, мұз айдынына құлаған.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері спортшының қаза болғанын растады. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам құлағаннан кейін бірден көз жұмған, жедел жәрдем бригадасы келген сәтте оның қайтыс болғаны анықталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар