Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды

20:43, 19 қазан 2024 47

Елордалық жоғары оқу орындарының студенттері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты. Сарыарқа ауданында 100-ден астам жас Пушкин атындағы қоғамдық кеңістікті тазалауға жиналды.

Студенттер қала тазалығын сақтауға үлес қосып, экологиялық жауапкершілікті үлгі ету маңызды екенін атап өтті. «Біз осындай іс-шараларға қатысуға қуаныштымыз, өйткені бұл тек табиғатқа деген қамқорлық емес, сонымен қатар қаламыздың болашағына қосқан үлесіміз», - деп қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

«Таза Қазақстан» акциясы көшелерді, саябақтар мен аулаларды тазалауды, сондай-ақ қоқыс алаңдарын жоюды және қала экологиясын жақсартуға бағытталған басқа да шараларды қамтитын табиғатты қорғау шараларының кең ауқымын қамтиды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?