Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еліміздің мақтаныштары! Астанада бокстан әлем чемпиондарын қарсы алды

11:42, 16 қыркүйек 2025 164

Бүгін Астана халықаралық әуежайында Ливерпуль қаласында өткен жаһандық доданың жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды.

2025 жылы көпшілік асыға күткен бокстан World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ливерпуль төрінде 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте топ жарған болатын.

Спортшыларды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан, туған-туыстары, спорт жанкүйерлері құшақ жая күтіп алды.

Олардың қатарында ағайынды Оралбайлар, Санжар Тәшкенбай, Бекзат Нұрдәулетов, Сабыржан Аққалықов, Сағындық Тоғамбай мен бас бапкер Қайрат Сәтжанов бар.

Енді боксшылардың алдарында әлем кубогының финалдық кезеңі, Азия чемпионаты, 2026 жылы Аичи-Нагояда өтетін жазғы Азия ойындары сынды ірі додалар күтіп тұр.

Айтпақшы, енді «Тұманды Альбионнан» кейінгі әлем чемпионатын 2027 жылы Қазақстан қабылдайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар