Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Елге көмек» қайырымдылық қоры елді алдап жүр

20:35, 21 қараша 2024 436

Алматылық келіншек тележурналист Гүлмира Әбіқайға «Елге көмек» қайырымдылық қоры халықты алдап, ақша жинап жүргенін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Бұл туралы тележурналист Instagram-парақшасында жазды.

«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «Апа, үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», - дейді алматылық келіншек. 

Ұлжанның сөзіне қарағанда, қайырымдылық қоры қарияны жалдамалы пәтерге орналастырып,  3-4 айлық пәтерақысын төлеген.  Кейін мерзімі біткесін, қарияны пәтерден шығарып жіберген.

«Апаны емдеттік» деп те айтқан. Бірақ апаның айтуынша, мүлдем емдетпеген екен. Бәрін видео үшін жасаған. Поликлиникаға да видео үшін кіріп шыққан», - дейді ол.

Гүлмира Әбіқай өз сөзінде «Елге көмек» қайырымдылық қорынан ресми жауап күтіп отырғанын жеткізді.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар