Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Елдос батырымыз қандай құрметке де лайықты»: Ақтөбелік кәсіпкер Елдос Сметовке 100 жылқы сыйлады

18:22, 28 шілде 2024 1107

Ақтөбелік танымал кәсіпкер Әнуар Маханов Париж Олимпиадасында топ жарған Елдос Сметовті жеңісімен ерекше құттықтамақ. Ол 60 келінің үздігі атанған Елдосқа 100 жылқы сыйлайтынын айтты. Бұл туралы 1bol.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Кәсіпкер дзюдошымен телефон арқылы сөйлесіп, оны елде сүйіншісі күтіп тұрғанын да жеткізген.

«Елдос – нағыз қазақ батыры. Ол осы алтынға жету үшін өз жастығын сарп етті. Ата-анасының, қалың елдің үмітін ақтап, жарақатына, көптеген қиындыққа қарамастан, еліміздің байрағын биіктетті. Бізде толып жатқан Олимпиада чемпионы жоқ, сондықтан Елдос батырымыз қандай құрметке де лайықты. Өзім ауыл шаруашылығымен айналысатындықтан, 100 жылқы тарту етемін», - дейді асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер Әнуар Ақмырзаұлы.

Бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлер Сметовке көлік таңдап жатқандарын айтқан.

Айта кетейік, Елдос Сметов Парижде чемпиондық атаққа қол жеткізіп, ел тарихында дзюдодан алтын медаль алған бірінші спортшы атанды. Сондай-ақ, ол үш Олимпиадада медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар