Экс-президенттің жұбайы Сара Алпысқызы дүниеден озды деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қаза тапқанын жоққа шығарды.
«Отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере отырып, желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдегім келеді» деп жазды ол өзінің X парақшасында.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Сара Назарбаева жеке өмір сүреді және көпшілік алдына сирек шығады. Ол бірнеше рет адамгершілік, қоғамдық құндылықтар және әлеуметтік жауапкершілік туралы пікір білдірген.