Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Екінші және үшінші қабаттан секірген". Алматыда жер сілкінісінен 8 адам зардап шекті

23 қаңтар 2024 195
Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.

“Жарақат алған 3 адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр”, – делінген хабарламада.


Тағы үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алған. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберіледі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?