Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екібастұзда үнемі ішімдік ішетін ата-ана 10 жастағы баласын қараусыз қалдырған

09:01, 25 желтоқсан 2024 210

Екібастұзда ата-ана 10 жастағы баласының көшіп кеткенін байқамаған, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Екібастұздағы үйлердің бірінің тұрғындары полицияға көршілерінің 10 жастағы ұлының көзінше жиі ішімдік ішетінін, баланың үнемі қараусыз қалатынын айтып шағымданған. 

Арыз бойынша келген полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың мас күйінде екенін, ал баланың үйде жоқ екенін анықтаған. Ата-анасы баланың қайда екенін түсіндіре алмаған. Полицейлер баланың қайда екенін өздері анықтады. 10 жастағы бала ата-анасының үнемі ішімдік ішетінінен шаршап, әжесінің үйінде тұрып жүрген көрінеді. 

Оқиғадан кейін ата-ана полиция мен наркологиялық диспансерде есепке тұрғызылды.

"Ұлдарын дұрыс тәрбиелемегені және алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланғаны үшін екі ата-ана да жауапқа тартылды. Іс сотта қаралып, әрбір ата-анаға 7 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", – делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия ата-аналарға сынақ мерзімін тағайындады. Бір айдың ішінде олар ішімдік ішуді тоқтатып, ұлдарын тәрбиелеуге кірісуі керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар