Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі қызды 5 ай қарадым, ешқандай талмасы болмады: Назгүл мен Құндыздың жағдайы неге нашарлап кетті? (ВИДЕО)

10:16, 17 наурыз 2025 2435

Туған ағасы көп жыл құлдықта ұстаған Назгүл Мен Құндыздың қазіргі жағдайы мәз емес секілді. Бірнеше күн бойы әлеуметтік желіде Назгүлдің талмасы ұстап қала беретін қорқынышты видеосы жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Видеода 37 баланы қарамағына алып өсірген Зульфия ханым Назгүлдің жағдайы күннен күнге нашарлап, талмасы кез-келген уақытта ұстап кететінін айтты. 

Алайда видео астындағы пікірлерді қарасақ, халық Зульфия ханымның қыздарға дәрі беріп, осындай күйге түсірді деген қорқынышты болжамдары жазылған. 

Сондай-ақ, Назгүл мер Құндыздың алғашқы күтушісі де пікір қалдырған.

” Қазақ халқы, сәлеметсіздер ме. Менің атым Кенжегүл. Шымкенттенмін. Назгүл мен Құндызды Руслан мырза жалдап берген пәтерде 5 ай қарағанмын. Қыздарымда дәл осылай құлап, ешқандай талмасы болған емес. Мына видеоны көріп, жүрегім ауырып отыр. Екеуі емін-еркін жүретін, тамақты жкқсы ішетін. Руслан мырза бар күнде хабар алып отыратын. Зүлфия ханым алып кеткелі, еш хабар ала алмадым. Алла жар болсын. Екі қызым аман болсын”,- деді ол өз пікірінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар