Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Олимпиада жүлдегеріне тон кигізді

09:25, 14 тамыз 2024 342

Танымал боксшы, аталмыш спорт түріннен 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Нұрбек Оралбайға Димаш Құдайбергеннің ата-анасы құрмет көрсетіп, тон кигізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

TikTok әлеуметтік желісінде әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар жуырда ғана Париж Олимпиадасында бокстан күміс медаль жеңіп келген Нұрбек Оралбайға құндыз тонды сыйға тартқан видео тарады.

«Мына құндыз тон арнайы саған атаң жасатып алды. Өзіңе шап-шақ екен. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз», - деді Қанат Айтбаев.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар