Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дінім үшін кез келген адамды өлтіремін". Әлеуметтік желіде "Жабайы Арманның" соттағы сөзі тарады

17:42, 15 ақпан 2024 304


Қаңтардағы атышулы "Жабайы Арман" - Арман Жұмагелдиевтің  әлеуметтік желіде сот отырысы кезінде судьяға қарата айтқан былапыт сөзі тарап жатыр.



«Кімде-кім менің дініме қол тигізсе... Мен дінім үшін кез келген адамды өлтіремін. Менің дініме ешқашан қол тигізбе. Дінім үшін өлемін де, өлтіремін де. Мені түсінесің бе, шайтан?! – деп айғайлайды Арман Жұмагелдиев.

Еске салсақ, Қаңтар оқиғасына қатысқан Арман Жұмагелдиев қамауға алынған болатын.

Ол 2022 жылы 7 қаңтарда Алматыда арнайы операция кезінде ұсталған. Арман Жұмагелдиев қалада қақтығыстар болып жатқан кезде әлеуметтік желіде видео жариялады. Онда ереуілшілерге басу айтпақ болғанын жеткізді. Ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал ол Түркияның Стамбул қаласында тұрып келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар