Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлеуметтік нан мен жолақыға берілетін субсидияны тоқтату ұсынылды

18:30, 22 қазан 2026

Аталмыш ұсынысты экс-депутат Айтуар Қошмамбетов айтты, деп жазады Alash.kz.

Оның пікірінше, нан мен қоғамдық көлік жолақысын бәріне бірдей арзандатудың орнына, көмекті нақты мұқтаж адамдарға беру керек.

Ол нанды нарықтық бағамен сатып, мұқтаж жандарға тегін беруді ұсынды. Оған қоса қоғамдық көлікте жолақының бір бөлігін ғана субсидиялап, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға тегін жүру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Оның айтуынша, мемлекет кейбір тауарлар мен қызметтерді шамадан тыс субсидиялайды. Сонымен қатар азаматтарды табысына қарай санаттарға бөлу кезінде әлеуметтік әділеттілік пен жеке деректердің құпиялығын ескеру қажет, дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар