Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйеліме ақша бермеймін... Далаға шашамын»: Рамазан Амантай ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

18:01, 22 қазан 2026

Танымал отандық актер Рамазан Амантай осы уақытқа дейін тапқан табысы мен қаржылық сауатсыздығы туралы ашық айтып, өткеніне өкініш білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесінің айтуынша, оның осы күнге дейін бірнеше баспана сатып алуға толық мүмкіндігі мен қаражаты болған. Алайда ол жиналған ақшаны сақтай алмай, орынсыз жұмсап жібергенін жасырмады. Тіпті жұбайының ақшаны үнемдеп, баспанаға жинау туралы айтқан ақыл-кеңестеріне де құлақ аспағанын алға тартты.

Рамазан Амантай отбасындағы қаржыны басқару жүйесі мен өзінің қателіктерін төл сөзімен былайша баяндап берді:

«Жиырма үй алатындай ақшам болған шығар осы күнге дейін. Бірақ ақылым болмапты. Әйелім айтпайды емес, айтады. Мен бой бермеймін. Ақшаны әйелім жинайтын шығар деп ойлайтын шығар, бірақ ақша өзімде болады. Ешқандай жағдайда оған бермеймін. Өзімде ғана болады. Мен далаға шашамын», – деді өнер иесі.

Сонымен қатар актер бұрынғы қадамдары мен жіберген мүмкіндіктерін еске алғанда қатты өкініп, көзіне жас алған сәттері болғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл қаржылық өкініштер мен ішкі толғаныстарына жақын бауырлары да талай рет куә болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар