Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат вице-премьер Роман Скляр мен өзге шенеуніктерді жазалау керегін айтты

14:19, 06 сәуір 2024 727

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай ел аумағына жайылған су тасқынына қатысты қателік жіберген шенеуніктер жазалап, қызметінен аластау керегін айтты. Алдымен бірінші вице-премьер Роман Склярды сөз қылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 


«Елді де, өзгені де мезі қылған Роман Скляр секілді баяғыдан келе жатқандарды орнынан аластайтын уақыт келді. Жалпы, су тасқыны кезінде ақиқаттың өзі бетін ашып бергендей, жергілікті билік өкілдері мен үкіметтің арасында байланыс жоқ екенін байқадық. Сонымен қатар біздегі министрліктердің арасында да тығыз әріптестік орнамаған», - дейді депутат.

Депутат мұндай апатты жағдайлар және тасқынмен күресуде төтенше жағдай министрлігі, су министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі секілді мемлекеттік органдар бір-бірімен келісе отырып, күш біріктіріп жұмыс істеу керек деп санайтынын жеткізді.

«Өкінішке қарай, бізде ондай жүйе қалыптаспаған. Кеңес үкіметі кезіндегінің бәрін жамандай бермеуіміз керек. Өйткені сол тұста әсіресе, гидратция саласында мықты мамандар болды. Нақты жүйе болды. Көктемгі су тасқына бір жыл бұрын күз айынан бері дайындық шаралары жүйелі жүргізілді. Қазіргі кезде ештеңеге жауап бергіміз келмейді. Қыс келіп қардың астында қалсақ та, ешкім жауапсыз. Көктем келіп, су апаты болса да ешкім жауап беруге құлықсыз. Табиғаттың тосын жағдайы деп құтылып кетеді. Бұлай аузымызды құрғақ шөппен сүртіп отыра бергеніміз жарамайды», - дейді Аманжол Әлтай.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар