ҚР Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов халық қалаулысы ретінде өнімді жұмыс істегенін айтты, деп жазады Alash.kz.
Журналистер депутаттардан өз қызметтерін сайлаушылар алдында ұялмайтындай деңгейде атқардым деп есептейтін-есептемейтінін сұрады. Мұрат Әбенов қойылған сұраққа кідірместен жауап беріп, өз жұмысын халық алдында ашық әрі ұялмайтындай дәрежеде атқарғанын жеткізді.
Депутат ретінде ұялмайтындай жұмыс істедім. Заңдармен қоса, қосымша банктер туралы үлкен заңдармен үш жыл айналыстым. Өзім төрт заңға өзгеріс енгіздім. Толығымен банк жүйесін өзгертуге үлес қостым. Менің мамандығым банкир емес. Қаржы комитетінде емеспін. Бірақ, өзгерттім.