Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат Назарбаев отбасына тиесілі 100 млн еуро тұратын мүлікті тәркілеуді сұрады

05:07, 23 ақпан 2022 279

Германияда депутат Назарбаевтың отбасына тиесілі 100 млн еуро тұратын мүлікті тәркілеуді сұрады.

Азаттық мәліметіне сәйкес, Германияның Баден-Вюртемберг аймағының депутаты Йонас Вебер жергілікті билікке қайырылып, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараға және күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі қымбат мүліктерді тәркілеуді сұраған.

– Баден-Вюртемберг аймағы автократтардың бас сауғалайтын жері болып қалмас үшін сізді және жергілікті үкіметті қолдан келген барлық шараларды қолданып, оның ішінде мүліктерді тәркілеуге шақырамын. Бұл Қазақстандағы демократиялық күштердің алдындағы міндетіміз, – деп жазылған аймақтың премьер-министрі Винфрид Кретчманға жолданған үндеуінде.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар