Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Демеу Жадыраев финалға шықты

22:20, 06 тамыз 2024 302

77 келі салмақта сынға түскен Демеу Жадыраев жартылай финалда жеңіске жетті. Балуан әзербайжандық Санан Сүлеймановты 6:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды деп хабарлайды Alash.KZ.

Демеу Жадыраев Жетісу облысының Панфилов ауданында туған.

2016 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

2017 жылғы әлем чемпионатының 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері.

2018 жылғы Азия чемпионатының 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері. 

Азияның үш дүркін жүлдегері (2015, 2019, 2021)

Жадыраев финалдық белдесуге ертең сағат 21:10-да шығады,«Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?