Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дариға Назарбаеваның құдасы сусыз қалатын болды

12:32, 05 наурыз 2024 355

Руслан Адайбеков деген "мықты" бар. Мықтылығы Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің қайын енесінің туған ағасы. Нақтырақ айтқанда, Дариға Назарбаеваның құдағиының ағасы. "Құданың құдасының" да қазір түкірігі жерге түспей тұр.

Әңгіме былай. Ақпанның соңында Алматы облысының Талғар аудандық соты Руслан Адайбековтың талап арызы бойынша шешім шығарған. Ол ұлттық компания өзіне тиесілі жер теліміне заңсыз сорғы станциясын салып, 0,52 гектар аумақты оның рұқсатынсыз басып алған.

Телеграм арнадағы мәліметке сүйенсек, ҚМГ заңгерлері сотта барлық қажетті рұқсат пен жобалық құжатты алғаннан кейін сорғы станциясының салынып, пайдалануға берілгенін дәлелдеді. Ол сорғы грек-рим және еркін күрес, таэквондо, каратэ, көркем гимнастика және велоспорттан ұлттық құрама команда спортшылары жаттығатын "Ақ бұлақ" шипажайын ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз етіп отыр.

Суды істен шығарған жағдайда, "Ақ бұлақ" шипажайы жұмысын тоқтатып, жүзден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл дауда сот ұлттық компанияның пайдасына шешім шығарды.

Руслан Адайбековтің ұлы Елнар Адайбеков 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың маусымына дейін «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. Ал Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы сол акционерлік қоғамның акция иелерінің бірі екенін айта кетейік. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар