Журналист Думан Мұхаммедкәрімді 2 айға карцерге қамап тастады, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мәлімдеді.
Бақытжан Төреғожина журналист дәретхана жуудан және роба киюден бас тартқаны үшін 6 ақпаннан бастап 60 тәулікке карцерге отырғызылғанын айтты.
«Экстремизмді қаржыландырды» және «Тыйым салынған ұйым ісіне араласты» деп айыпталған Думан Мұхаммедкәрімді сот жеті жылға бас бостандығынан айырған.