Бишімбаев сотында судья Айжан Көлбаева Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қызметкеткерлері айыпталушы Бишімбаевтың телефонын аша алмағанын айтты.
– Ұялы телефон заттай дәлел ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР ҰҚК бесінші қызметінің 12-ші департаменті телефонға зерттеу жүргізді. Телефонда 6 таңбалы код пароль орнатылған әрі код-парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады деген қорытынды берілді, - деді судья Айжан Көлбаева.
Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың телефонының құпия кодын судьяға беруге қарсы екенін жаздық.