Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Буынсыз адам» атанған Айдос Тоқтарбай неден қайтыс болды?

11:29, 14 қазан 2024 489
 

Халық арасында «буынсыз адам» атанып, танымал болған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.KZ. Қаралы хабарды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Рахман Омар жеткізді.

Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері, – деп жазды ол.

Бұған дейін цирк әртісі сұхбаттарының бірінде жарақат алғанын айтқан.

Пандемия кезінде ауылға барып мал бақтым. Кейін түрлі жобаларға қатыстым. Өзбекстан мен Қытайға барып, өнер көрсеттім. Кейін аяғым мен белімнен жарақат алып, біраз уақыт өнерден қол үзіп қалдым, – деді ол.

Айдос Тоқтарбай соңғы жылдары цирк өнерінен жырақтап, жиһаз жасаумен айналысып жүрген. Әлеуметтік желіде оны танитындар марқұм тәуекел етіп тас жұтып жүрген азаматтың ажалы өзінің өзгеше өнерінен келді ме екен деген пікір айтуда.

Жазушы Бейбіт Сарыбай марқұмның неден көз жұмғанын айтты. Сөзінше, Айдос Тоқтарбайдың қазасына қорқынышты трюк себепкер болыпты. 

"Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос”, – деді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?