Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл тақырыпты осымен жабамын": Бір жыл бұрын осылай жазған сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден озды

13:20, 28 қазан 2024 11170
 

Белгілі ақын, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Ақын 1 жыл бұрын ауыр хәлде жатқаны туралы ақпарат таралған еді. Оған күрделі операция жасалған, дейді Malim.kz.

«Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп, жақсы өткен. Асқазанның ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдерім жақсы шығып, отадан соң тұрып, үйге қайтқанмын. «Ішек «спайка» болған, тілу керек, әйтпесе болмайды» деді. Ары қарайғысын білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен «мировой» концертте жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достарым бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, «100 пайыздан бір-ақ пайыз үміт бар, бәріне дайын болыңыздар» деген екен... Бұл тақырыпты осымен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде Алла ауыр, көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті жуғызды, асқазанның жарасын да, артығын да кесті. Қан да тазарды. Ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымы мүлдем жоғалды. Әр қиындықтың артында қайырлы үлкен жеңілдігі мен қуанышы бар деп тегін айтпаған екен. Өзіме емес, көзіме, құнды сөзіме мән бер, халқым! Мен сіздермен сондай бақыттымын», - деп жазды көзі тірісінде марқұм Құрманай Бақтиярқызы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар