Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бұл допинг дауы да шешіледі”: Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан халқына шұғыл үндеу жасады

13:20, 05 желтоқсан 2025

Допинг дауына іліккен кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады  Alash.kz ұлттық порталы.

«Қолдауларыңызға рақмет, шын жанкүйерлер! Бұйыртса бұл да артта қалады. Бұрын салмақ жасай алмай қалғанда да біраз адам күмәнданған! Кейін олар да жанкүйер болып кетті. Ол қиындық та артта қалды. Бұл допинг дауы да шешіледі! Біздің команда ең мықты команда! Біз әлі әлемге талай қазақша сөйлейміз! Біз әлі талай жастарға құмар ойнама деп айтамыз! Біз әлі талай туды желбіретеміз! Біздің мақсат айқын. Ол мақсаттан бізді ешқандай қиындық тайдыра алмайды.

Сынап жатқандарға мән бермеңіздер! Олар бұрыннан бар, 4 титул алғанда да бола береді! Біз тек алға жүреміз! Амандықта жүздесейік!

Ең бастысы біз тазамыз! Бізден ешқандай кінә мен қателік кетпеді! Бәрі бұрынғы витаминдер мен бұрынғы мәзір! Қазір анализдің екінші қорабын ашуға өтініш жазылды! Жауабын күтеміз!», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар