Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ": Бапи Украинада қастандық жасалған қазақстандық оппозиция өкілі туралы айтты

10:47, 21 маусым 2024 605

Айдос Садықовқа қастандық жасаған кім? Депутат Бапи мұны сыртқы күштерден көрді деп хабарлайды Alash.kz Fragmentке сілтеп.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи атышулы "Бәсе" арнасының авторы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.

Мәжілісменнің айтуынша, мұның артында Қазақстанды шетелдік серіктестермен араздастыруды көздейтін сыртқы күштер тұр.

Ол қазақ билігінің мұндай арандатуға араласып, атын былғамайтынын баса айтты.



Сонымен қатар, Бапи Айдос Садықовтың ең алдымен Қазақстан азаматы екенін атап өтті.

"Билік орындары болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қолдан келгенді жасайды және бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ", - дейді Бапи.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар