Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БҚО-да өзбек азаматы жұмысқа келіп, 4 адамды тірідей өртеп жіберді

17:05, 11 наурыз 2025 1360

Батыс Қазақстан облысының соты төрт адамды өртеп жіберген 48 жастағы шетелдікке үкім шығарды, деп хабарлайды Alash.kz “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 мамырда болған. Сол күні Өзбекстанның 15 азаматы маусымдық жұмыстарға келіп, бір вагонда бірге тұрып жатқан. Оқиға кезінде айыпталушы мен ер адамдардың бірі арасында жанжал туындаған. Кейін ол айналасындағыларға қоқан-лоқы көрсетіп, газ плитасын бензинмен жуып жіберген. Салдарынан өрт шығып, төрт адам қаза тапты, бір адам күйік алды.

“Вагон жанғыш материалдардан жасалғандықтан, өрт тез тарады. Оқиға орнында төрт ер адам күйік салдарынан көз жұмды, тағы бір адам термиялық күйік алды. Қайтыс болғандар – Худайбердиевтер мен Намазовтар есімді екі ағайынды,” – деп мәлімдеді сотта.

Жәбірленуші тарап айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын беруді талап етті және егер ол отанына қайтарылса, өздері жаза қолданатындарын ашық айтты.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Ол канистрада бензин емес, су болды деп ойлағанын айтып, істі абайсызда адам өлтіру бабына қайта қарауды сұрады. Алайда сот оның сөзіне күмәнмен қарады.

 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар