Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бостандыққа шықсын: Ермұрат Бапи түрмеде жатқан белсенді Марғұлан Боранбаймен кездесті

13:20, 18 шілде 2024 515

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи белсенді Марғұлан Боранбаймен кездесті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол Өскемендегі N17 колонияда жатқан. 

Бұл туралы мәлімдемені қоғамдық-саяси белсенді Серікжан Есенғосұлы өз әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

“Ермұрат Бәпи ағам екеуміз Өскемен N17 колониядағы досымыз, ұлтжанды, пікірлес Марғұлан Боранбайға кездесуге бардық. Дені сау, рухы мықты, барлық достары мен серіктестеріне сәлем жолдайды”, – деп жазды Мәмбеталин. 

Бұған дейін де депутат Марғұлан Боранбайды бостандыққа шығару керегін айтқан болатын.

“Анығында, бұл азаматтар “ұлтаралық араздықтан” бұрын, қазақ халқының намысын жыртып, ұлттық мүддені қорғап, әлеуметтік желілердегі сепаратистік көзқарастарға қарсы шыққаны үшін сотты болды. Бұл жігіттерге өрескел қиянат жасалды”, – деген еді депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?