Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Боранбаевтың қонақүйін америкалықтар сатып алды

16:26, 03 мамыр 2024 607

Атышулы кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың Астанадағы қонақүйін америкалықтар сатып алды, - деп хабарлайды alash.kz.

Күні кеше, 2 мамырда Боранбаев қайтарып берген қымбат қонақүйдің жаңа иесі пайда болған. 

Аукционның жалғыз қатысушысы және жеңімпазы америкалық инвестициялық басқарушы компанияның қазақстандық өкілдігі атанған.

Comfort Hotel Astana-ны кейіннен сатып алу мүмкіндігімен сенімгерлік басқару құқығы «Invesco PowerShares Capital Management» ЖШС-не берілді. 

Еске салайық, 25 сәуірде Comfort Hotel Astana қонақүй кешенін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткен. Бұған дейін қонақүй Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған. Ол қонақүйді тергеумен ынтымақтастық негізінде мемлекетке қайтарған.

Тендер жүргізіліп жатқан кезде оның статусы «Тендерлік (конкурстық) комиссияның/сатушының өтінімдерді қарауы» деп белгіленген. Ал жақында статус «Өткізілді» деп өзгертілген.

Электрондық сауда алаңының деректері бойынша, сауда-саттық жеңімпазы басқармаға 3,92 млрд теңгеге қонақүй алды.

Тендердің шарттары бойынша ғимараттың жаңа иесі нысанды тек қонақүй бизнесін жүргізу үшін пайдалана алады. Сондай-ақ оның Қазақстанда қонақүйлерді басқаруда кемінде жеті жыл тәжірибесі болуы тиіс. Тендер жеңімпазы барлық талап сақталған жағдайда, шартты жасасқан күннен бастап бір жылдан ерте емес қонақүйді мерзімінен бұрын сатып ала алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар