Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Біз Алашты неге сағынамыз, Алаш дәуірін неге сүйеміз?

20:06, 10 наурыз 2024 404

Біз Алашты неге сағынамыз, Алаш дәуірін неге сүйеміз? Ешқандай пафос жоқ. Олардың "Алаш" партиясына кім мүше бола алатынын жазған мақаласын қараңыз.

"Алаш программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандық бұйрығы болмайтын, дүние-мүлікке қызығып сатылмайтын шыншыл, адал, тура кісі кіреді.

Сыртын берсе, іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, Алаш жолынан ауып, айтысып-тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе, сырт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі Алаш партиясына кірмейді.

Алаш партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шарттарды ойлап, толғап, жүрегі қалайтын болса ғана кіруге жөн" дейді.

Қара танитын қазаққа түсінікті, қалың елге ұғынықты етіп жазылған әрі қарапайым, әрі ұлы қағидалар. Міне, біз алашты осындай таза, шынайы, биік, ұлт мұраты үшін бас пайдасыз бас тіккен құндылықтары үшін сүйеміз. Алаш көрсеткен әділет жолына ұмтылу бәрімізге парыз.

Алаштанушы, журналист Болат Мүрсәлім

Facebook парақшасынан

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар