Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Биволдың бұрынғы әйелі қазақ пен қырғыз халқын қорлағаны үшін тергеуге алынды

15:19, 22 қазан 2025 228

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты тергеуге дейінгі тексеріс бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Министрліктің мәліметінше, Екатерина Бивол әлеуметтік желіде қазақ және қырғыз халықтарын қорлап, ұлтаралық араздық тудыратындай мәлімдемелер жасаған.

"Тұрғылықты жеріне қарамастан, әр азамат құқық нормаларын сақтауға және араздық қоздыруға жол бермеуге тиіс. Қазіргі уақытта бұл факт тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомство бұл істің соңына дейін жеткізіліп, әйелдің әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Ажырасқаннан кейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде белсенді бола бастаған. Ол экс-күйеуі туралы түрлі эмоционалды жазбалар жариялап, спортшыны алимент төлемеу үшін табысын жасырып отыр деп айыптаған. Сондай-ақ, ол Биволдың жанкүйерлеріне де ауыр сөздер айтып, сынға алған.

Айта кетейік, 34 жастағы Дмитрий Бивол – Ресей мен Қырғызстан атынан өнер көрсететін кәсіби боксшы. Ол жеңіл салмақтағы WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, әрі мансабында 24 жекпе-жекте жеңіске жетіп (оның 12-сін нокаутпен), тек Артур Бетербиевке ғана жол берген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар