Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір ғасыр кейін Димаш Әміре Қашаубаев секілді француздарды таң қалдырды

11:27, 07 қараша 2024 321

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай Франция Президенті Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.

Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.

Олардың арасында қазақтың мақтанышы, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген де болды. Ол мәртебелі қонақтар алдында асқақтатып ән салып, қонақтарды тәнті етті.

Әсіресе, Франция басшылары қазақ баласының талантына таңдай қақты. Димаштың Париж төрінде салған әні - қазақ тарихында 1 ғасырдан кейін қайталанған тарихи құбылыс. 

Естеріңізде болса, осыдан 99 жыл бұрын, яғни 1925 жылы Әміре Қашаубаев Парижде бүкіл әлемді таң қалдырып, әуелетіп ән салған еді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар