Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір ауыз сөз… Неге жанталасамыз?»: Ауруханаға түскен Қыдырәлі Болманов елді алаңдатып қойды

09:19, 19 мамыр 2026

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов денсаулығы жайлы айтты, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі Алматыдағы концертінің кейінге шегерілгенін хабарлады.

«Ару қала Алматыдағы концертті ауыстыруға көнбеген себептің бірі – аншлаг, үш жарым мыңға жуық біз үшін жиналған көрермен. Екінші себеп – басқа күндерге екі-үш ай көлемінде Республика сарайы бос емес екен.

Бірақ өмір бойы шапқылап, екі аяғымен жүрген адамға креслода отырып, қозғалмай сахнада ел алдында ән айту өте ыңғайсыз, тым күрделі әрі қиын екен.

Сіз де, біз де темірден жаралған жоқпыз және әрқашан намысты, ұятты алға тартамыз да, Алланың аманатқа берген денсаулығын бәрінен кейінге, артқа ысыра саламыз ғой көп жағдайда.

Ең басты себеп – дәрігерлерімнің рұқсат етпеуі. Бір ауыз сөз. Неге жанталасамыз?

Бүгін 18 мамыр. Тура бір айдан соң, 18 маусымда, “Қақатынымның” 25 жылдығында Қыдырдың “улучшенная версиясы” болып тұрамын бұйыртса!

Қадірменді көрерменнің алдында екі аяғымды тең басып, екі аяғымнан тік тұрып, сіздерге қызмет етеміз, Алла қаласа!» – деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар