Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Денені бөлшектеп, кереует астына көмген”: Атыраудағы сотта сұмдық деректер айтылды

14:50, 18 мамыр 2026

Атырауда өтіп жатқан резонансты сот процесінде айыптау тарабы қылмыстың қалай жасалғанына қатысты тергеу нұсқасын жариялады, деп жазады Alash.kz.

Сотта оқылған іс материалдарында денені жасыру әрекеті, қылмыс қаруын алдын ала дайындау және сарайға келген адамдарды күту туралы айтылды. Бұл туралы BAQ.kz хабарлады. 

Тергеу мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев сарай ішіндегі кереуеттің астын шамамен 1 метр 30 сантиметр тереңдікте қазған.

Іс материалдарында ол Қарабалиннің (қайынатасы - ред.) бөлшектелген денесін сол жерге көміп, үстін линолеуммен жауып, кереуетті қайта орнына қойғаны көрсетілген. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл қылмыстың ізін жасыру үшін жасалған.

Оған дейін Сәрсемәлиев сарайдың кіреберіс бөлмесіне кіріп, үстел үстінде тұрған ет турайтын пышақты байқап қалған. Тергеу дерегіне сәйкес, ол пышақты кейін пайдалану үшін ыңғайлы жерге алдын ала дайындап қойған. Содан соң айыпталушы Нәсіп Өтешқалиева (енесі - ред.) немесе Қарабалиннің сарайға келуін күткен.

Айыптау тарабының мәліметінше, Қарабалин сарайға кірген кезде Сәрсемәлиев оны кіреберіс бөлмеде күтіп алып, асүй пышағымен кеудесіне, арқасына және қолдарына бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Сондай-ақ енесі Нәсіп Өтешқалиеваны да қалай өлтіргені айтылды. Әйел адам сарайға кірген кезде Сәрсемәлиевтің оның артынан ішке енген. Тергеу нұсқасына сәйкес, шаруа жасап жүрген әйелді көрген айыпталушы алдын ала дайындап қойған пышақты алып, оған арт жағынан шабуыл жасаған.

Одан соң күдікті сарайды сыртынан құлыптап, үйге кірген. Кейін түнде сарайға қайта бару үшін демалуға жатқан. 

Прокурор сотта оқыған айыптау актісінде айыпталушының әрекеттері бірнеше эпизод бойынша сипатталған. Тергеу органдары бұл қылмыстар алдын ала жоспарланған деген ұстанымда отыр.

Қазіргі уақытта іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Сот процесі ашық форматта өтіп жатыр.

Еске салайық, қазіргі сәтте Атырау қаласында елді дүр сілкіндірген қанды қылмысқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар