Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Май ауылдық округінің әкімі өлі табылды, деп жазады Alash.kz.
Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Ерлан Смаилов бұл қызметке 2026 жылдың 17 ақпанында тағайындалған. Оған дейін "Майское-Агро" ЖШС директорының орынбасары болып қызмет атқарған.
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің денесі 20 желтоқсанда кешке өз үйінің ауласынан табылған еді. Ақтөбе облысында 6 мамырда таңертең Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов та өлі күйінде табылған болатын. Бұл ақпаратты облыс әкімдігі растаған еді.