Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«АҚШ әскері үшін қолайсыз болады»: Иран билігі жаңа стратегиясы туралы жария етті

16:15, 17 мамыр 2026

Иран билігі стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазындағы кемелер қозғалысын басқарудың мүлдем жаңа тетігін әзірлеп жатқанын және оны таяу күндері таныстыратынын жариялады, деп жазады Alash.kz.

Парламенттің арнайы комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, бұдан былай халықаралық су көліктері тек белгіленген нақты бағыттар бойынша ғана қатынай алады. Бұл ретте ресми Тегеран жаңа ережелердің АҚШ әскери құрылымдары үшін жабық болатынын және бұғаз арқылы өтетіндерден арнайы ақы алынатынын ашық білдірді.

Ормуз бұғазындағы қауіпсіздік ережелерін өзгерту бастамасын Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы Эбрахим Азизи мәлім етті. Оның айтуынша, бекітілетін жаңа бағыт Америка Құрама Штаттарының аймақтағы әскери операцияларына қызмет ететін операторлар үшін мүлдем қолжетімді болмайды. Сондай-ақ Иран тарапы бұғаздағы транзиттік қауіпсіздікті қамтамасыз еткені және көрсетілетін қызметтері үшін шетелдік кемелерге салықтық төлемдер енгізуді көздеп отыр.

Бұл қадам Парсы шығанағы аймағында Иран мен АҚШ арасындағы геосаяси текетірестің ушығып тұрған кезеңіне тұс келді. Халықаралық саудада, әсіресе мұнай тасымалында ерекше рөл атқаратын су жолына бақылауды күшейту Тегеранның өз позициясын бекемдеу әрекеті ретінде бағалануда. Саяси сарапшылар бұл жаңашылдықтың әлемдік нарық пен аймақтық тұрақтылыққа қалай әсер ететінін жіті бақылап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар