Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Таңдауым… Бір жастықта қартаюды армандаймын”: Димаш Құдайберген жеке өмірі туралы ашып айтты

21:46, 18 мамыр 2026

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі қашан үйленетінін айтты.

«Қазақстанға келгенде паспорт тексерудегі аға-әпкелерімізден бастап «Димашжан, қашан үйленесің?» деп басталады әңгіме. Күтіп алушы, жүргізушілер де сол сұрақты қояды. Үйге келемін. Таңғы, түскі, кешкі ас ішкенде үйдегілер сұрайды. Содан достарым да сұрайды. Әрине, әр нәрсенің өз уақыты бар. Ең бастысы, таңдауыма өте тиянақты қарау керек деп ойлаймын. Өйткені қазір қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандаудан да қорқамын. Қыздарымыздың қадірін қастерлегендіктен бе? Бұл тақырыпқа кішкене басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін соңына дейін сол кісімен бір жастықта қартаюды армандап, соған бақыт тауып беру керек деп ойлаймын», - деді Димаш Құдайберген.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар