Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақмыс» төрт айдың қорытындысын жариялады: Инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті

14:21, 18 мамыр 2026

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы қызметін қорытындылап, өндіріс тиімділігі мен инвестиция көлемі бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жезқазғанда Басқарма басшысы Руслан Өскенәлі мен Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековтың қатысуымен өткен еңбек ұжымының жиынында зауыттарды жаңғырту мен шикізат қорын екі есеге арттыру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ есепті кезеңде кәсіпорын жұмысшылары арасында қайғылы жағдайлар мүлде тіркелмеген.

Компания үшін өндірістік қауіпсіздікті күшейту басты нәтиженің біріне айналды. Жыл басынан бері штаттық қызметкерлер арасындағы жарақаттану деңгейі 35%-ға азайып, еңбек қауіпсіздігі көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған. Бұған жұмыс орындарындағы жүздеген тексерістер мен жаңадан келген мамандарға арналған «Q-start» оқыту жүйесі ықпал етті. Бұдан бөлек, геологиялық барлау бағдарламасы екі еселеніп, тек Жезқазған бағыты бойынша бұрғылау жоспары 62 400 қума метрге жетті. Нарықтағы көрсеткіштер де көңіл көншітеді: кәсіпорын концентраттағы және катодты мыс өндірісінің жоспарын асыра орындаған.

Ауқымды инвестициялардың есебінен Балқаш мыс балқыту зауытының негізгі жабдықтары ауыстырылып, Жомарт, Жыланды және Нұрқазған кеніштеріндегі өндірістік активтер жаңартылуда. Сонымен қатар жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында кәсіпорындарға 90 жаңа автобус жеткізіліп, демалыс бөлмелері мен медициналық бекеттер заманауи құралдармен жабдықталды.

Жиынды қорытындылаған Руслан Өскенәлі компанияның алдағы бағыты тұрақтылық пен әлеуметтік жауапкершілікке негізделетінін қатап айтты. Басқарма басшысы өз сөзінде былай деді:

«Компания қауіпсіздікті арттыру, өндірісті жаңғырту және еңбек жағдайын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. Кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және еңбек ұжымы алдындағы барлық міндеттемелерді орындау ерекше назарда қалады».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар