Испанияның Бенидорм қаласында дзюдодан European Open турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты бір медальмен түйіндеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрмұхамет Ботабай чемпион атанды.
Финалда қазақстандық дзюдошы АҚШ өкілі Ари Берлинерді жеңді.
Ал Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Ақжігіт Насыр (66 келіге дейін) және Дастан Шаяхметов (73 келіге дейін) жарысты бесінші орынмен аяқтады.