Ресейдің Подмосковье ауданының Горки-2 поселкесінде 15 жастағы жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасады, деп жазады Alash.kz.
Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше оқушы мен мұғалім жарақат алды. Шабуыл жасаған жасөспірім оқиға орнында ұсталды.
Ресей БАҚ-тары хабарлағандай, жасөспірім арнайы математика мұғалімін нысанаға алған. Тимофей К. мектеп ішінде мұғалім Мария Дмитриевнаны іздеп, кабинеттерді аралаған.
Сонымен қатар, шабуылдан аз бұрын оқушы дәретханада жарылғышқа ұқсас зат жасап, оны бір кабинеттің ішіне қоюға әрекет жасаған. Барлық әрекеттерін ол камераға түсіргені анықталды.
Төтенше жағдайдан кейін полиция мектепте тергеу жүргізіп, барлық оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.