Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бергей Рысқалиев үйі мен пәтерінен айырылды

11:07, 17 шілде 2025 851

Бергей Рысқалиевтің пәтерін ақтөбелік шенеунік жекешелендіріп алған, деп жазады Alash.KZ.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғалары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Прокуратура тергеуді бастады. Істе басты айыпталушылардың бірі Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары басқармасының экс-басшысы Жандос Әлімов.

Ол 2021-2024 жылдары бөлім басшысы бола тұра арызданушылар берген мәліметтерді тексермеген. Нәтижесінде мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан 33 пәтер заңсыз жекешелендірілген.

Олардың басым бөлігі "Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" қызметкерлерінің меншігіне өткен.

Мемлекет меншігінен алынған баспаналардың ішінде Бергей Рысқалиевке тиесілі үй болған. Сондай-ақ қашқын олигархтан тәркіленген пәтер де бар.

Мемлекетке келтірілген шығын – 122 586 779 теңге.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар