Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, банк барлық карта ұстаушыларға бонусты өзге желілер арқылы да жинауды ұсынады. Яғни, кез-келген банк клиенті Bereke Bank-тің төлем картасымен басқа да екінші деңгейлі банктің POS-терминалдары арқылы және онлайн-дүкендерде төлем жасай отырып, өзінің кепілдендірілген бонустарын алады.
B-Bonus+ сервисіне қосылу өте оңай, ол үшін банктің мобильді қосымшасында «+жоғары бонустарға қосылу» дегенді басу қажет. Бағдарлама әр қатысушыға кепілдендірілген бонустардың 0,5% - дан 30% - на дейін алуға мүмкіндік береді. Көптеген төлем үшін жұмсалған қаражаттан 3% бонус есептелсе, такси және жанармай құю станцияларында 10%-ға дейін бонус беріледі. Ал егер сіз B-Bank мобильді қосымшасы арқылы кино билеттерін сатып алсаңыз, онда 30%-ға дейін бонус ала аласыз.
Бонустық шотты әлемнің кез келген нүктесінен B-Bank мобильді қосымшасында 24/7 режимінде басқаруға болады. Бүгінгі таңда қызмет әр клиентке қолжетімді әрі оған қосылу тегін. Сондықтан егер сіз жоғары бонустарды алғыңыз келсе, Bereke Bank төлем картасын ашыңыз, смартфоныңызға B-Bank мобильді қосымшасын орнатыңыз және бір секунд ішінде B-Bonus+ сервисіне қосылыңыз.
Bereke Bank өз клиенттерін жоғары бағалайды және әрқашан пайдалы, ыңғайлы әрі тиімді қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге тырысады!
Қосымша ақпаратты байланыс орталығынан алуға болады: 5030 нөмірі, Қазақстан аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
Анықтама үшін:
«Bereke Bank» АҚ – екінші деңгейдегі қазақстандық банк, қаржы ұйымы акцияларының 100%-ы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі. 01.09.2023 ж. жағдай бойынша ҚР ЕДБ ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА кіреді.
Маусым айының басында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг берді. Бұл Қазақстанның банк нарығындағы ең жоғары рейтингтердің бірі.
Банк ай сайын пайда табады, 2023 ж. 8 айда таза пайда 17,2 млрд теңгені құрады. Банк барлық пруденциалдық нормативтерді орындап келеді. 2023 ж. 8 айда k2 капиталының жеткіліктілік коэффициенті 9,4%-дан 11,0%-ға дейін артты.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия.
Қосымша ақпарат алу үшін:
«Bereke Bank» АҚ Баспасөз қызметі, press@berekebank.kz
+7 727 266 35 68 (ішкі: 502 466, 601 387;
+7 771 410 26 09 Сания Галиева
+7 7011392339 Меруерт Бердыбаева