Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі профессор Кәрім Мәсімовтің ұлты мен шыққан тегіне қатысты тың дерек айтты

11:04, 23 шілде 2024 856

Кәрім Мәсімовтер отбасының дәрігері болған, профессор Арай Төлемісова «Адал Адам» YouTube арнасына берген сұхбатында бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовтың шыққан тегі туралы дерек айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Арай Төлемісова «Адал Адам» YouTube арнасына берген сұхбатында Кәрім Мәсімовтың әкесі Қажымқан Мәсімов найман руынан шыққанын айтты. Бұл туралы "Жас Алаш" басылымы жазды.

«Қажымқан Мәсімовты (Кәрім Мәсімовтің әкесі – ред.) бәрі ұйғыр дейді, бірақ олай емес. Мен оның компьютерден бір құжаттарын көрдім, сол жерде найман деп жазылып тұрған.  Оның Ақсулық (Талдықорған) найман руынан екенін өз аузынан да естідім. Онда ол мешіт салдырды. Сонда ас берілгенде де болғанмын», - дейді дәрігер.

Сонымен қатар профессор Төлемісованың сөзінше, Кәрім Мәсімовтің анасы Элеонора Мәсімова қазір шетелде тұралы. Бірақ сұхбатта нақты қай жерде тұратынын айтпаған. Ол Мәсімовтың анасына барлық қажетті дәрі-дәрмектерді өзі жіберетінін, бірақ олар негізінен телефон арқылы сөйлесетінін айтты.

Айта кетейік, 2023 жылдың сәуірінде сот Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарған болатын. Ол мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға үгіттеу және билікті асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды. 

Ал, жақында Мәсімов президентке кешірім жасау туралы өтініш жазған, бірақ оның қабылданбағаны айтылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар