Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі актер Мұрат Бисембин қатерлі дертке шалдықты

15:17, 23 қыркүйек 2024 516

“Рэкетир”, “Брат или брак” фильмдері арқылы көпшілікке танылған Мұрат Бисембиннің денсаулығы сыр берді, деп хабарлаған болатын әлеуметтік желілер. 

Отандық киножұлдыз жаман ауруға шалдыққан. Әріптесі Саят Исембаев жаңалықты жариялап, халықтан ақшалай көмек беруін өтінген еді, деп хабарлайды Alash.KZ.

“Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисембин ауырып қалды. Бәріңіз оны "Рэкетир" фильмі арқылы жақсы танисыздар. Ол Русланның рөлінде ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді. Көмек қолын созам деушілер болса, жеке есепшотын қалдырамын”, – деп жазды Саят Исембаев.  

Қайырымдылық акциясы үшін Мұраттың өзі Қазақстан халқына алғысын білдірді.

«Қолдауларыңыз, қатысқандарыңыз және менің сауығып кетуім туралы жылы сөздеріңіз үшін барлығыңызға рахмет. Баршаңызға зор денсаулық, өзіңізге және жақындарыңызға, ата-анаңызға, бауырларыңызға амандық тілеймін. Көп рахмет! Ауырмаңыз, мен де мүмкіндігінше тезірек сауығып кетуге тырысамын», - деп жазды актер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар