Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бейбіт тұрғындар мен балалар қаза табуда: Макрон “Путин арадағы келісімге пысқырып та қараған жоқ” деп қатты ашуланды

10:53, 07 сәуір 2025 1244

Ресей АҚШ пен Украина ұсынған бейбіт бастамаларды елемей, балалар мен бейбіт тұрғындарды өлтіруін жалғастыруда. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон 4 сәуірде Кривой Рогқа жасалған соққы мен 6 сәуірге қараған түні Украинаға бағытталған шабуылдарға қатысты өз әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Ресейдің Кривой Рогқа 4 сәуірде жасаған өлімге әкелген шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан балалар мен барлық бейбіт тұрғындар. Өткен түні де Ресей Киев пен Украинадағы бірнеше өзге қалаларға зымыран соққыларын жасады», – деді Макрон.

Франция президенті АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға толық әрі сөзсіз 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысын Украина бір ай бұрын қабылдағанын еске салды.

«Біз бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін барлық серіктестерімізбен бірге жұмыс істеп жатқанымызда, Ресей соғысты жаңа қарқынмен жалғастырып, бейбіт тұрғындарға мүлдем назар аудармай отыр», – деп атап өтті Эммануэль Макрон.

Ол Ресейдің шабуылдарын мүмкіндігінше тез тоқтату қажеттігін айтып, егер Мәскеу бейбіт келісімдерге кедергі жасап, оларды қабылдамайтын болса, «батыл шаралар қабылдануы тиіс» екенін айтты.

«Ресей АҚШ пен Украинаның бейбіт ұсыныстарын қанша уақытқа дейін елемей, балалар мен бейбіт тұрғындарды өлтіруін жалғастыра бермек?» – деп сауал тастады француз көшбасшысы.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 4 сәуірде Кривой Рогқа жасалған соққы салдарынан 20 адам қаза тауып, оның 9-ы – бала, тағы 74 адам жараланған.

6 сәуірге қараған түні Киевке жасалған зымыран шабуылдарынан бір ер адам қаза тауып, үш адам жарақат алған.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы Ресейдің Кривой Рогқа жасаған шабуылын әскери қылмыс ретінде бағалауға болатынын мәлімдеді. Украина Жоғарғы Радасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецтің айтуынша, БҰҰ өкілдері аталған аймақта әскери нысандардың болмағанын растаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар