АҚШ президенті Джо Байден Израиль Газа секторындағы атысты тоқтату бойынша жаңа ұсыныстар айтты, деп хабарлайды Alash.kz сайты ZTB-ға сілтеп.
Ал Израиль болса, кеше Байденнің атысты тоқтату жоспарын қабылдады.
Нетаньяхудың сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Офир Фальк «бұл өте жақсы мәміле емес, бірақ біз барлық кепілге алынғандардың босатылғанын қалаймыз», сондықтан Израиль аталмыш ұсынысты қабылдайды, бірақ өзгерту шартымен деді. Фальк Израильдің толық атысты тоқтату шарттарының өзгермегенін, ол дегеніміз барлық кепілге алынғандарды босату және ХАМАС-ты жою туралы екенін атап өтті.
Байденнің Газа секторындағы атысты тоқтату және израильдік кепілге алынғандарды босату жөніндегі жаңадан ұсынылған жоспары 3 кезеңнен тұрады:
1. Атысты тоқтату және Газа секторындағы елді мекендерден ЦАХАЛ-ды шығару, Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың орнына израильдік кепілге алынған адамдардың бір бөлігін қайтару.
2. Соғыс қимылдарын толық тоқтату, әскерлерді шығару және қалған кепілдерді қайтару.
3. Өңірді қалпына келтіру.