Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балығы тайдай тулаған Қара Ертіс". Өзенге заманында жойылып кеткен бекіре оралды

14:57, 15 маусым 2024 714

Қара Ертіске әлдеқашан жойылып кеткен Сібір бекіресі жіберілді, деп сүйіншілейді Alash.KZ ұлттық порталы. 

Жергілікті халық үшін де, Зайсан көлі мен Қара Ертіс өзенінің экожүйесі үшін де маңызы зор іс-шараға экология министрі Ерлан Нысанбаев қатысты.

Бұл игі істі елге белгілі бекіре балығының уылдырығын және етін өндірумен айналысатын іргелі кәсіпорындардың бірі «Ost Fish» ЖШС қолға алған.

Аталған кәсіпорынның бас директоры Ерлан Сағидолдин экология министріне бекіре тұқымдас балықтарды өсірудің ерекшеліктері, оларды қорғау, жергілікті экожүйені сақтау және басқа да мәселелер жөнінде баян етті.

– Бүгінде біз бекіренің үш түрін өсіреміз. Оның ішінде Сібір бекіресі де бар. Биылғы көктемде кәсіпорнымызда технологияны жаңарту жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде жылына 500 мыңға жуық шабақ алуға болатындай инфрақұрылым құрылды. Енді шабақтарымызды Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының су айдындарына жіберуді жоспарлап отырмыз, – деп мәлім етті кәсіпорын басшысы.

Оның айтуынша, бүгін Марқакөл мен Зайсан аудандарын бөліп жатқан Қара Ертіс өзеніне Сібір бекіресінің бір жасар 500 дарағы жіберілді. Балықтардың әрқайсының салмағы 1,5 келіге дейін тартады. Демек оларға бұл суларды мекен ететін жыртқыш балықтардан келер қауіп жоқ.

Орайы келгенде айта кетейік, Сібір бекіресі Зайсан мен Ертісті ежелден мекендеген. Алайда өткен ғасырдың 50-60 жылдарындағы су электр стансаларының салынуы әдетте Сібір мен Алтай арасында өрлеп-құлдап жүретін балықтардың жоғары өрістеуіне тосқауыл болып келген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар