Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балаларды аяусыз ұрып-соққан: полиция оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады

14:11, 11 тамыз 2024 290

Ақмола облысының полиция департаменті балаларды соққыға жыққан оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Alash.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бұтақты жұлып алған ер адамның көліктен түсіп бара жатқан екі баланы аяусыз соққыға жыға бастағаны көрсетілген видео тарады. Ақмола облысының полицейлері оқиғаның мән-жайын анықтады.

 

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеодағы ер адам - осы балалардың әкесі.

"4 тамызда Маңғыстау облысының тұрғыны отбасымен бірге Атбасар қаласы арқылы өтіп, жол бойындағы кафе аумағында балаларына дене жарақатын салған. Ер адамның айтуынша, ол балаларын тәрбиелеу мақсатында жусан бұтағымен ұрған", - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлердің айтуынша, оқиға салдарынан кәмелетке толмағандар медициналық көмекке жүгінбеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар