Павлодардағы тұрғын үй ауласында балалар арасында болған тағы бір жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Бұл жазбаны соққыға жығылған 7 жастағы баланың анасы жария еткен.
Кадрлардан бір топ мектеп оқушыларының бір баланы қоршауға алып, ұрып жатқанын көруге болады.
Полиция бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, барлық қатысушылардың анықталғанын хабарлады.
Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге ішкі істер бөлімшесіне жеткізілді.
Нәтижесінде, ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылды. Іс құжаттары сотқа және жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.