Елорданың Петров көшесінде қоғамдық тәртіпті бұзған 39 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Alash.kz.
Іш киіммен және қолына пышақ ұстап балалар алаңында жүрген ер адам айналасындағыларға сес көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, тиісті шара қолданды.
Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары шақырудан кейін шамамен 20 минут ішінде келген. Оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, алайда ер адамның әрекеті тұрғындардың үрейін туғызды. Тәртіп сақшылары бұзақыны бірден оқшаулап, оның әрекетіне құқықтық баға берді.
Сот шешімімен аталған азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза ретінде 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу шарасы белгіленді.