Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балабақшадағы кезек республика бойынша бірыңғай базаға енгізіледі – Асхат Аймағамбетов

06:50, 02 ақпан 2022 258
Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың моделін қабылдады. Онда педагог балалардың физиологиялық және психологиялық қажеттіліктері бойынша арнайы әдістемемен іске асыратын болады. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.

Белгілі болғандай, балабақша жұымысындағы жаңа әдістеме шетелдік тәжірибелердің зерттеулеріне сүйене отырып жасалған.

Өз баяндамасында ведомство басшысы балабақшалардың сапасын жақсартуда бірқатар талаптардың күшейтілетінін айтты.
«Яғни, материалдық-техникалық база, бейнебақылау жүйесі, педагогтердің біліктілігі, санитариялық, өртке қарсы нормаларға сәйкестігі, мемлекеттік тапсырысты берудің басты талаптары болады. Соның ішінде жекеменшік балабақшалардан да балаларға қолайлы жағдай жасау талап етіледі. Сондай-ақ, балабақшалардағы орындарды бөлу кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету үшін, облыстардағы электронды кезектердің бәрі енді республика бойынша бірыңғай базаға еніп, біріктірілетін болады», - деді министр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар