Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бала ұзақ жылдар бойы ауыр жұмысқа тартылған": депутат қорада ән салған Қоныс туралы тың дерек айтты

14:00, 03 ақпан 2025 861

Қорада ән салған мына баланың әнін әлеуметтік желіден мыңдаған адам тыңдап үлгерді. Баланы аты - Қоныс. Қазір Қоныстың орындаған әні Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қарақалпақстанға дейін тарап үлгерген. 

Алайда Қонысқа қатысты тағы бір тың дерек шықты. 

Парламент мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров өз парақшасында Қоныстың мәселесі бойынша Қазалыға барғанын жазған.

Айдарбек Қожаназаров былай дейді: 

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бала ұзақ жылдар бойы ауыр жұмысқа тартылған. Жалғыз бала емес, баланың ата-анасы да мал бағып, ақысыз еңбек еткен… Ең қызығы, осы балаға және отбасына Раббиль есімді жігіт көмектескен. Бәрі жақсы болады, ағайын! - деп жазба қалдырды депутат.

Қазіргі белгілі болған ақпараттарға қарағанда, Қонысты ата анасымен бірге ұзақ жылдар бойы мал соңына салып қойған. Бала оқымаған, үнемі таяқ жеген. Депутат Қонысты қор қылғандардың ісі бойынша Қазалыға барып қайтқан. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар